СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚҰЖАТТАНДЫРУ
Таразда жыл басынан бері 30 сотталған азаматтың жеке куәліктері қайта рәсімделді.Жазасын өтеп жатқан шетел азаматтарын құжаттандыру бойынша мүдделі органдармен жұмыстар жүргізіліп, бұл оң нәтижесін беруде. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу бөлімі айналысады. Мекеменің арнайы есеп бөлімі Тараз қалалық полиция басқармасымен бірлесе отырып, мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыстар жүргізуде. Мәселен, Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын сотталған Р. мекемеге бастапқыда құжатсыз келіп түскен. Мекеменің арнайы есеп бөлімімен Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшілігіне жеке басын анықтауға және азаматтылығын тексеру үшін сауалнама, құжаттандыру бойынша сұраныс хаттар жолданып, белсенді хат алмасу нәтижесінде, 2022 жылдың ІІ- тоқсанында Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын сотталған Р. құжаттандырылды. Сотталғанның төлқұжатын алуы оның алдағы уақытта жұмысқа орналасуына, үкім бойынша мемлекет және жеке тұлға пайдасына талап қарыздарын өз еріктерімен өтеуге мүмкіндік береді. Жазасын өтеушілерді құжаттандыру жұмыстары түзеу мекемесінде алдағы уақытта да үздіксіз жүргізілетін болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала