Сотталғандарды құжаттандыру
Сотталғандарды құжаттандыру
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар, шетел азаматтары жазасын өтеуде.
Мекемеде жазасын өтеп жатқан шетел азаматтарын құжаттандыру бойынша мүдделі органдармен жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижесін беруде. №58 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған қырғыз азаматтарын құжаттандыру бойынша Қырғыз Республикасының елшілігімен тығыз жұмыс жасау арқылы мекемеге құжатсыз келген 3 сотталған азаматтың төлқұжаттары жасалынуда.
Сонымен қатар, мекеменің арнайы есеп бөлімі мен Тараз қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Д.А.Асқарбековамен бірлесе отырып, атқарылған жұмыстар нәтижесінде құжаттары жоқ және жеке куәліктерінің мерзімі өткен сотталған азаматтар құжаттандырылды. Сотталғанның төлқұжатын алуы, алдағы уақытта жұмысқа орналасуына, талап қарыздарын өтеуге , сондай-ақ босатылғаннан кейін қоғамға тезірек қайта кіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда 16 сотталған азаматтың құжаттары дайындалуда.
Алдағы уақытта да жазасын өтеушілерді құжаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады.