Жаңалықтар

Сотталғандармен психологиялық тренинг өтті.

Сотталғандармен психологиялық тренинг өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, өзін-өзі өлтірудің алдын-алу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың қолдауымен 2003жылдан бастап «10 қыркүйек-Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күні» болып белгіленді, бұл күннің басты мақсаты- халықтың суицидтік мінез құлық мәселесіне назар аудару. Осы кунге орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі, Е. Қонақбаев атындағы педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету орталығының жетекшісі Айгүл Тұрсынбайқызы Абдрахманова, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Айзат Рахматуллақызы Минасипова және Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог-суицидологы Оксана Валерьевна Калашникова қатысып, сотталғандармен өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу мақсатында дәріс және тренинг жаттығулары өткізіліп, талдау жасалды.  width= Алдағы уақытта да мекемеде осындай кездесулер жоспарланған.