жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясы қазақша аударылды

«Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясы қазақша аударылды
ашық дереккөзі
«Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясы қазақша аударылды
2023 жылдан бастап Nickelodeon телеарнасы «Шаршы шалбар Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясын қазақ тілінде көрсетеді. Бұл туралы аталған телеарнаның вице-президенті Мария Косарева айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат тілшісі. «Келесі жылы кішкентай көрермендеріміз тамашалайтын контентке қысқаша тоқталып өтсем. Ол - «Коралл» лагерінің жалғасы, яғни «Шаршы шалбардың» (Спанч Боб) балалық шағы. Бұл достық жайындағы тамаша оқиға және әртүрлі адамдардың ортақ тіл табысуы жайында сыр шертеді. Мультфильм - International мен Nickelodeon Үндістанның бірлескен туындысы», - деді ол елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында. Оның айтуынша, оқиға желісінде екі ағайынды уақыт машинасын тауып алып, саяхатқа шығады. Мультфильмде батыс пен шығыстың мәдениеті тамаша үйлестірілген. «Жалпы келесі жылы көрермен 400-ден астам серияны қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнан өзге де тосынсыйлар әзірлеп жатырмыз», - деді Мария Косарева.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Заң бұзушылыққа жол жоқ
Алдыңғы мақала
Заң бұзушылыққа жол жоқ

Ұқсас жаңалықтар