бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 0:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Спорт кешендерінің есігі әрдайым ашық болуы тиіс

Спорт кешендерінің есігі әрдайым ашық болуы тиіс
ашық дереккөзі
Спорт кешендерінің есігі әрдайым ашық болуы тиіс
  Өткен жылдан бері облыста 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 92 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Өңірде спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 32,2 пайызға жетті. Биыл өңірде тағы 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. «Ең бастысы – спорт кешендерінің саны емес, оларды тиімді пайдалану. Біз спорт нысандардың жүктелуі мен жұмыс режимін қадағалаймыз. Салауатты өмір салтын ұстанатындардың барлығы үшін спорт кешендерінің есігі әрдайым ашық болуы тиіс", - деп атап өтті халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Өткен жылы мәдениет саласы да назардан тыс қалған жоқ. Байзақ және Жамбыл аудандарында бес жаңа мәдениет үйі мен ауылдық клубтар салынды. Онлайн форматта 12 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шара өтті. Мәдениет саласындағы 1,8 мың қызметкердің жалақысы 35 пайызға, спорт саласының 1 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы 25 пайызға артты. Ал, туризм нысандары 37-ден 65-ке дейін, туристік маршрут саны 22-ден 45-ке өскен. «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қала қонақтары мен тұрғындарын қызықтыратын орынға айнала білді. Бүгінде жаңғыртудың екінші кезеңі бойынша жұмыс жүргізілуде, ол биыл аяқталмақ. «Туризм саласын дамытуға бағытталған 10,7 миллиард теңге көлемінде 8 инвестициялық жоба іске асырылуда. 450 жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Бердібек Сапарбаев. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол бойы сервисінің 63 нысаны салынған десек, оның 35-і ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар