дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Спорттың қос түрінен сынға түсті

Спорттың қос түрінен сынға түсті
ашық дереккөзі
Спорттың қос түрінен сынға түсті
Меркі аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Шынықсаң, шымыр боласың!» атты спорттық шара өтті. Онда аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар кіші футболдан және шахматтан өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен сайыс барысында жазалы жандар теңбіл доптың шын шеберлері екендігін дәлелдеді. Әр командадағы ойыншылар ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, қарсылас құраманың қақпасынан саңлау табуға тырысты. Аяқ доптан өзгелерден оқ бойы озық шыққандарға арнайы грамоталармен бағалы сыйлықтар табыс етілді. - Сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеуде бұқаралық шаралардың маңызы зор. Бүгінгі шараның басты мақсаты да осы. Жалпы, дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі емес пе? Сол себепті, дені сау, жұмысқа жарамды әрбір жан қайта қылмыс жасамауға бекінеді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ, - деді Меркі аудандық пробация қызметінің бастығы Арайлым Самбетова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар