сейсенбі, 15 шілде, 2025 21:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Статистика: Тамыз айында неке көп қиылады

Статистика: Тамыз айында неке көп қиылады
ЖИ
Бұл туралы Статистика агенттігі хабарлады

Елімізде тамыз айында неке көп қиылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Елде некенің көпшілігі тамыз айында тіркеледі. Соңғы 10 жылда тамызда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған.

2015-2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы 2 жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы басым түсті.

Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.

Айта кетейік, соңғы 10 жылдағы ең төменгі неке қию көрсеткіші 2020 жылдың сәуірінде, яғни, пандемия кезінде тіркелді. Ол кезде барлығы 3,8 мың неке қиылған.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар