жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұстаз тапшылығы: Жамбыл облысында қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді

Ұстаз тапшылығы: Жамбыл облысында қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді
ашық дереккөзі
Ұстаз тапшылығы: Жамбыл облысында қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді
Жамбыл облысындағы мемлекеттік мектептерде 48 педагог тапшы. Бұл туралы Jambylinfo.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мәлім етті. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қазір Жамбыл облысындағы 446 мемлекеттік мектепте 26 425 мұғалім жұмыс істеп жүр. Білім басқармасы аймақтағы жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, кадр тапшылығын жоюға тырысып жатыр.
«Жыл сайын облыстың мектептеріне үнемі мониторинг жүргізіп, мұғалім тапшылығы анықталады. 2023 жылдың 1 тамызынан бастап ҚР білім және ғылым министрлігінің (қазіргі Оқу-ағарту министрлігі - редакция) бұйрығына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос орындарға конкурс жарияланады», - деп жазылған ресми жауапта.
Қазір осы конкурсқа сай, 48 адамның жұмыс орны бос тұр. Аймақ бойынша орыс тілі, математика, физика, химия пәндерінің мұғалімдері жетпейді. Мұғалім тапшылығы қатты сезілетін аудан – Қордай ауданы. Жалғыз бұл ауданның өзінде математика, физика, орыс тілі, химия, биология және географиядан сабақ беретін 17 ұстаз жоқ. Сол сияқты, Шу (9 мұғалім), Сарысу (8 мұғалім), Талас және Мойынқұм (бес мұғалім), Меркі (4 мұғалім) аудандарында да мұғалім тапшылығы бар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар