Ұстаздар білімін шетелде жетілдіреді
Елімізде мұғалімдердің біліктілігін арттыру дәсүрге айналып келеді
Биыл Түркістан облысынан 500-дей педагог өзге де шет мемлекеттерде тәжірибе алмасып қайтады деген жоспар бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Түркістандық 15 ұстаз өткен жылдың қазан айында Жапония елінің астанасы Токио қаласындағы 3 бастауыш мектептің оқыту жүйесімен танысқан еді.
Ұстаздардың айтуынша, күншығыс елінде бастауыш сынып оқушылары 6 сыныпқа дейін білім алады екен. Бұған дейін біздің мектептерде сабақ оқытудың британдық тәсілі қолданылып келіпті. Онда балаларды білім деңгейіне қарай 3 топқа бөліп оқытқан. Ал, жапон мемлекетіндегі білім беру тәсілі мүлде басқаша екен.
Оған қоса, мектеп директорларының біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Аймақта мыңнан астам білім ошағы болса, соның 778-інің басшысы арнайы курстан өтіп, білімін тұрақты жетілдіріп отыр.