жұма, 23 мамыр, 2025 4:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Суға шомылу мен өрт қауіпсіздігі: облыста профилактикалық шаралар жалғасуда

Суға шомылу мен өрт қауіпсіздігі: облыста профилактикалық шаралар жалғасуда
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі-жазғы маусымда өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды қарқынды түрде жалғастыруда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ауа райының жылынуына байланысты тұрғын үйлер мен аулаларда от жағу, қоқыс өртеу жиілеп, бұл өрт шығу қаупін арттырып отыр. Сонымен қатар, күннің ыстық кезеңдерінде су айдындарында демалушылар саны едәуір артып келеді. Осыған орай облыс құтқарушылары халықпен тікелей байланыс орнатып, қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын күшейтуде.

Аталған жұмыстар аясында құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, өзен-көл жағалауларында рейдтер ұйымдастыруда. Бұл рейдтердің басты мақсаты – рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың алдын алып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Сонымен қатар, құтқарушылар аулалар мен жеке тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратып, пеш, электр құралдарын дұрыс қолдану жолдарын түсіндіруде.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік – әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ескертеді. Балаларға мұқият қарау, қараусыз шомылуға жол бермеу және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – бейқам демалыстың және төтенше жағдайлардың алдын алудың басты кепілі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар