Су мен оттан сақтан: Жамбылдағы алдын алу жұмыстары
- авторБақытжан Бекболат
- 15 мамыр, 2025
- 270

Жамбыл облысында су айдындары мен өрт қауіпсіздігін қамтитын кешенді алдын алу шаралары жүргізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жұмысқа Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жұмылдырылды.
Мамыр айындағы мерекелер кезінде суға шомылатын қауіпті орындар мен демалыс аймақтарына ерекше көңіл бөлінді. Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, су жанындағы жазатайым жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, елді мекендерде өрттің алдын алуға бағытталған кең көлемді науқан өтті. Дрондар мен дауыс зорайтқыштар арқылы тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, қоқыс өртемеу, өрт шыққан жағдайда не істеу керектігі туралы нақты нұсқаулықтар берілді.
Қауіпсіздік талаптары халық көп жиналатын орындарда да кеңінен насихатталды.
Бұл профилактикалық шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуға, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және сақтыққа үндейтін орта қалыптастыруға бағытталған.