Тоқаев заңға қол қойды: кімдердің жалақысы 50 пайызға дейін өседі

Бұл жайлы Су ресурстары және ирригация министрлігінен мәлімдеді.
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Өзгерістер 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады. Орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді.
Айта кетейік, былтыр «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға көтерілген.