Су тасқыны: Еліміз бойынша 55 мыңға жуық адам үйіне оралды
5281адам қауіпсіз жерге көшірілген
Еліміз бойынша қазір 54 389 адам өз үйлеріне оралған. Сондай-ақ, 5281 адам қауіпсіз аумаққа эвакуацияланған. Оның ішінде 2242 бала бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.
18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түсті.