"Сумен алысқанымызға 13 сағат болды": ШҚО-дағы ауылдардың бірінде өзен арнасынан асып, үйлерді су басты
"Сумен алысқанымызға 13 сағат болды": ШҚО-дағы ауылдардың бірінде өзен арнасынан асып, үйлерді су басты
Өрел ауылының тұрғындары жылда су астында қалатынын айтып шағымданып отыр. Айтуларынша, температураның күрт төмендеуінен өзен арнасын мұз керіп, су ауылға қарай аққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Катонқарағай ауданына қарасты елдімекенде таңертең сынап бағанасы -30 градустан төмен болған.
Өрелдіктер Шоқан Уәлиханов көшесіндегі жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен.
Оқиға орнына барған аудан басшысы Ділдар Қалиқанның мәліметінше, үш үйге су кіріп, жертөлесіне жайылған. Аудан тұрғыны Айгүл Жасұланова алты үйді су басқанын айтты.
Жауапты тұлға кешқұрым бөліскен ақпаратында Өрелдегі ауа температурасы -29 градусты көрсеткенін айтты.