Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет
Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет
Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің саяси дамуына қарсы әсер ететіні анық. Сол себепті, өркениетті елдердің барлығы дерлік осы дерттің алдын алу жолында кешенді іс-шараларды мықтап қолға алуда. Ал, біздің елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы 2015 жылдың 18 қарашасында қолданысқа енгізілгені мәлім. Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, әр апта сайын өндірістік мәжілісте және жұмыс жоспарына сай әр ай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әрбір азаматтың міндеті» атты тақырыптарда семинарлық сабақтар мен дәрістер өткізілуде. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлық қоғам мүшелерінің басты міндеті. Ел болашағына балта шаппаймыз десек, осы бастан бұл дерттің өршімеуіне тосқауыл болуымыз керек-ақ.
Жасұлан ШЫРШЫҚБАЕВ,
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соты әкімшісінің басшысы