жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуын тежейтін індет

Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуын тежейтін індет
istockphoto.com
Елімізде 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қолданыста.

Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлық, бұл – мемлекетпен бірге пайда болатын ауру. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау баршаға міндет екені баршамызға айдан анық, сондықтан әртүрлі деңгейде, түрлі шаралар қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя аламыз.

Біздің елде тәуелсіздігімізді алғаннан бастап, яғни бірінші күннен бұл індетпен күресуде. Осы уақыттың ішінде жемқорлыққа қарсы қаншама бағдарламалар жүзеге асып, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар құрылып келеді. Сыбайлас жемқорлық деген – былай қарасаңыз, екі жақтың ықпалымен болатын қылмыс. Бір жағында жеке тұлға тұрады. Өзінің мүддесін оңай шешу үшін, заңды аттап, белгіленген жолды бұзып, қылмыстық жолға барады. Екінші жағында заңды тұлға тұрады. Жеке тұлғаның жұмысын шешіп беру үшін пара алып, қол ұшын созған болады. Осындай қылмыстары үшін біреуі болсын, қолға түссе, екі жақ та жауап беруге мәжбүр болады. Міне, сол үшін бізге жемқорлыққа қарсы бүкілхалықтық жаппай үлкен насихат керек. Бүкіл халық болып күресу деп осыны айтамыз. Жемқорлықпен күрес адамның арына айналуға тиіс. Сонда ғана бұл індетті толық жеңе аламыз.

«Қазақта «Ауруын жасырған өледі» деген нақыл сөз бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз». Жасанды ауруды жасырып заң алдында жауапқа тартылып қалма себебі заң адамды кешірмейді керісінше жазалайды.

Тараз қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының

бас маманы сот отырысының хатшысы: Т.Қ.Әбілдабеков

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар