Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

  2022 жылдың 8-ші қазан күні "AULIEATA-MEDIA" ЖШС ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының заңнамалары түсіндірілді. Заң тек пара алушыға ғана емес, сонымен қатар пара берушіге де қатал екені түсіндірілді. Себебі көп жағдайда мәселені шешу үшін пара бергенді көпшілік жөн деп санайды. Осындай жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу керек екендігі жеткізілді.