дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сынып жетекшілігі үшін кімнің төлемақысы бірінші кезекте өседі?

Сынып жетекшілігі үшін кімнің төлемақысы бірінші кезекте өседі?
Сурет: Оқу ағарту министрлігі
Бұл сұраққа министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп мұғалімдеріне сынып жетекшілігі үшін берілетін қосымша ақының көбеюіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса, "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылдағанға дейін сынып жетекшілеріне ақы төленбейтін. Сондықтан қабылданған заң шеңберінде сынып жетекшілік үшін қосымша ақы төлеу қолға алына бастады. Оның бүгіндегі шекті саны 10 мың теңгенің маңайында. Бұл – балалармен қосымша жұмыс үшін төленеді. Яғни сабақ үшін емес. Халықаралық тәжірибені зерттей келе бұл мәселені тиісті деңгейде көтеруді ойластырып отырмыз, - деді министр.

Бейсембаевтың сөзінше, шетелдерде мұндай қызметке төленетін қосымша ақы 20-30 мың теңге көлемінде екен.

Сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны да осы деңгейге жеткізу бағытында бірнеше зерттеу мен есептеу жүргіздік. Мәселені Қаржы министрлігіне енгіздік. Қазір бұл бағытта үлкен пысықтаулар жүргізіліп жатыр. Толыққанды қабылданған кезде келесі жылдан бастап осы мәселе қолға алынады. Біз тек қана сынып жетекшілеріне қосымша төленетін ақыны көтерумен ғана емес, олардың жұмысының сапасын бірдей көтерілуіне де тиісті шараларды қабылдадық. Болашақта біз біргелкі көтеріледі деп ойлап қалмауымыз керек. Сапалы жұмыс істеп жатқан сынып жетекшілеріне бірінші кезекте қаржыны көтеруді қолға аламыз, – деп түсіндірді бас ұстаз Мәжіліс кулуарында.

Ғани Бейсембаев сонымен бірге сынып жетекшілерін дайындықтан өткізу, біліктілігін көтеру мәселесі қолға алынатынын атап өтті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар