Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар – Тоқаев
- авторИндира Тәліпқызы
- 28 қаңтар, 2025
- 840
Мемлекет басшысының сөзінше, ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қаксым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәселелерге тоқталды.
«Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін. Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады. Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек», -деді Президент
Ұқсас жаңалықтар
Астанада Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025
DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025





