Құтқарушылар қамыр илейтін аппаратқа қысылған әйелге көмек көрсетті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Оқиға елордадағы Сарыарқа ауданында орын алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1983 жылы туған әйел адамның қолы қамыр илейтін аппаратқа қыстырылып қалып, өздігінен босата алмаған.
Жедел-құтқару жасағының мамандары арнайы құралдардың көмегімен қысқа уақыт ішінде оның қолын босатып, зардап шеккен жұмысшыны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.