Жаңалықтар

Құтқарушылар әлеуметтік жағынан аз қорғалған - министр

Құтқарушылар әлеуметтік жағынан аз қорғалған - министр

Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қорғалған. Бұл туралы Алматы халқымен кездесу барысында Юрий Ильин айтты. «Әлеуметтік тұрғыдан алғанда біздің қызметкерлеріміз аз қорғалған. Айталық, тұрғын үй төлемдері, орын ауыстыру кезінде көтерме жәрдемақысының берілмеуі және қызметкерлердің қызмет бабында өсуі, үстемеақылар, тағы басқалары бар», - деді министр. Ведомство басшысының айтуынша, алдағы уақытта бұл мәлеселер оң шешімін табады. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту және министрлік бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты бастады», - деді Юрий Ильин. Сондай-ақ, ол биыл Алматыға 6 техника сатып алынғанын атап өтті. Жыл соңына дейін 8 техника сатып алу жоспарда.