сенбі, 23 қараша, 2024 7:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәлібтер Панджшерді бағындыра алды ма?

Тәлібтер Панджшерді бағындыра алды ма?
ашық дереккөзі
Тәлібтер Панджшерді бағындыра алды ма?
Ауғанстаннан жеткен мәліметке қарағанда, «Тали­бан» мен қарсылық күштері Панджшер аңғарының маңын­да шайқасып жатыр. Екі тарап та оқиға туралы қарама-қайшы ақпарат таратып отыр.

«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) да, оның қарсыластары да басымдыққа ие екенін айтады. Ұйым басшылары аңғарды иелікке алғанын мәлімдеген. Сөйтіп Кабулда «Талибан» өкілдері аспанға оқ атып, тойлаған еді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аспанға оқ ату салдарынан 17 адам қаза тауып, 41-і жараланған.

Алайда шын мәнінде «Талибан» жеңді деген хабарды растау мүмкін болмай тұр. Өйткені мемлекет басшысы Ашраф Ғани елден қашып кеткен соң, күресті тоқтатпайтынын айтқан вице-президент Амрулла Салех әлеуметтік желі арқылы елден қашып кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды.

А.Салех дәлел ретінде ВВС-ге видео хабарлама жіберген. Онда бұрынғы вице-президент қашып кетті деген ақпараттың негізсіз екенін айтты.

«Қиын жағдайда қалғанымызға күмән жоқ. «Талибан» тарапынан қысым көрсетіліп отыр. Бірақ біз берілмейміз», деді ол.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар