Жаңалықтар

Тәліптер әйелдерге жүктілікке қарсы дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салды

Тәліптер әйелдерге жүктілікке қарсы дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салды

Тәліптер Ауғанстанның ірі қалаларында әйелдерге бала көтертпейтін дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салды. Олар мұндай препараттарды Батыс елдерінің халық санын азайтуға бағытталған қастандық әрекеті деп санайды. Ал сарапшылар бұл шектеу денсаулық сақтау саласындағы ахуалды тіптен ушықтырып жібере ме деп алаңдап отыр. Өйткені Ауғанстанда 14 әйелдің біреуі жүктілік кезінде көз жұмады.