Жаңалықтар

"Тұмар-2024" сыйлығы кімдерге бұйырды

Биыл "Тұмар" бәйгесі сегізінші рет ұйымдастырылды

Астанада  журналистердің төл мерекесі күні ұлттық телевизиялық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

"Тұмар-2024" сыйлығының иегерлері:

Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж – "Алапат тасқын" – Qazaqstan телеарнасы.

Үздік журналистік зерттеу – "Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж" – Atameken Business телеарнасы.

Үздік aқпараттық бағдарлама – "Astana Times" жаңалықтар қызметі – Astana TV телеарнасы.

Үздік aналитикалық бағдарлама – "Жеті күн" – Хабар телеарнасы.

Үздік әлеуметтік жоба – "Құдайы қонақ" – Qyzylorda телеарнасы.

Үздік деректі фильм – "Шетелдегі қазақ балалары" – Jibek Joly TV телеарнасы.

Үздік телехикия – "Мошенники" – "НТК" телеарнасы.

Үздік өңірлік ток-шоу – "Ділмар" – Жетісу телеарнасы.

Үздік өңірлік телеарна – ТДК-42 телеарнасы.
Балаларға арналған үздік бағдарлама – "АуылDone" – Жетінші арна.

Үздік тележурналист – Григорий Беденко – Хабар телеарнасы.

Үздік тележүргізуші – Мадина Балғабаева – КТК телеарнасы.

Барлық жеңімпаздарға "Тұмар" мүсіншесі және 1 миллион теңге  сыйақы табысталды.