Жаңалықтар

Түнде Алматыдан 25 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Түнде Алматыдан 25 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 4 сағат 12 минутта жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды. Магнитудасы MPV 4,2, тереңдігі 20 шақырым.