Түнгі уақытта қалада жүрген 20 жасөспірім полицияның есебіне қойылды
Түнгі уақытта қалада жүрген 20 жасөспірім полицияның есебіне қойылды
Жамбыл облысының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" атты үш күндік жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында көшелер мен ойын-сауық орындарына түнгі рейдтіктексерулер жүргізілуде.
Негізгі мақсат-кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қараусыз қалуына қарсы күрес, жасөспірімдер тарапынан жасалатын және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу.
Жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде, алғашқы күні ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 192 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. 20 жасөспірім және 16 қолайсыз отбасы анықталып, есепке қойылды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 7 жасөспірім орналастырылды.
- Іс-шара барысында азаматтардың жаппайшоғырланатын жерлері бойынша рейдтерге ерекшеназар аударылуда. Сондай-ақ, саяжайлар, үйлердің жертөлелері, ойын-сауық орындары, компьютерліксалондар, жанармай құю бекеттері, көлік жууорындары және жасөспірімдердің болуы мүмкін басқа да орындар тексерулермен қамтылды. Құқық бұзушыларға қатысты барлығы 192 әкімшілік материал толтырылды. Кәмелетке толмағандардың 168 заңды өкілі балалардың түнгі мезгілдетұрғынжайдан тыс болғаны үшін жауапкершіліккетартылды. Сонымен қатар, 8 тұлға балалардытәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісіншеорындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмаларжөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.