“Түнімен көз ілмедік”: Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға көршілердің пікірі
Қайғылы оқиға көршілердің үрейін алды
Ақтөбеде адам кепілге алынып, қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға бүкіл аймақты дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі уақытта марқұмдардың үйі полицияның күзетінде тұр, ал көршілері әлі де үрей құшағында.
«Кешкі сағат 20:00 шамасында серуенге шыққан едік. Көшеде полиция мен арнайы жасақ толып тұрды. Бізге: “Апа, үйге кіріңіздер, қорықпаңыздар, бәрі бақылауда”, – деп айтты. Сол түні ұйықтай алмадық. Машиналар түнгі 12-ге дейін тұрды. Бірде тарсылдаған дыбыс естіліп, сыртқа жүгіріп шықтық. Сол сәтте үйден адамды алып шыққандай болды», – дейді марқұмдардың көршісі.
Полиция бұл оқиға бойынша «Кісі өлтіру» және «Адамды кепілге алу» баптары аясында қылмыстық іс қозғады.