сейсенбі, 26 қараша, 2024 0:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлау учаскесіне тіркеле алады

Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлау учаскесіне тіркеле алады
ашық дереккөзі
Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлау учаскесіне тіркеле алады
Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына толықтыру енгізді. Оған сәйкес, тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар сайлау күні дауыс беру учаскесіне келіп, сол ғимаратқа бір күнге тіркеуге тұра алады. Солайша, президент сайлауында дауыс беру құқығына ие болады. «Сайлау құқығын іске асыру және азаматты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі», - деп толықтырылған Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 17-тармағы. Аталған қаулы жобасы 30 қыркүйекке дейін қоғам талқысында болды. 22 қазанда оған қол қойылды және бүгінде қолданысқа енгізілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар