сенбі, 28 желтоқсан, 2024 0:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұралаған туризм түлей ме?

Тұралаған туризм түлей ме?
ашық дереккөзі
Тұралаған туризм түлей ме?

Жамбыл облысының туризмін түлету - маңызды мәселелердің алды. Себебі, неше жылдан бері әлеуеті мол аймақ бұл салада керемет көрсеткіштерімен көзге түспегені белгілі. Алайда, соңғы уақытта өңір туризмін жандандыру мақсатында бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Осы мақсатта Жуалы ауданындағы «Көксай» этнотуристік кешенінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен кездесу өтті. Жиында Жамбыл облысындағы туризм секторының әлеуеті және оны дамытуға қатысты міндеттер сараланды.

Туризм басқармасының басшысы Жалғас Мұртазаның айтуынша, аймақта жыл сайын жаңа тарихи, мәдени және туристік орындар ашылуда.

 - «Көксай» этно-туристік кешені солардың бірі. Осыған орай туристік маршруттарды жаңарту туралы шешім қабылданды, - деді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы «Тобышақты» этно-ауылының, «Каралма» тау-шаңғы базасының құрылысы туралы да тілге тиек етті.

Спикердің айтуынша, жақын арада облыстың негізгі туристік нысандары «Google maps», «Google earth» карталарына қосылмақ.

Бүгінде мемлекеттік лицензиясы жоқ, аттестациядан өтпеген гидтермен, туристік қызмет көрсететін заңсыз экскурсоводтармен және тур ұйымдастырушылармен күрес жүргізілуде. Осындай бұзушылықтардың алдын-алу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған десек, оған тиісті ведомствоның, полиция және мемлекеттік кірістер департаментінің, өңірдегі туроператорлардың өкілдері енген.

Жалғас Мұртаза өңірдегі тарихи-мәдени туризімнен бөлек, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға да ерекше көңіл бөлініп жатқандығын атап өтті. Аймақта осы бағытта жұмыс жасайтын бес орталық бар, олар – экология, жас туристер, жас натуралистер, екі туризм және өлкетану орталықтары.

Ол мектеп оқушылары үшін экскурсиялық сапарлар ұйымдастыруға негізделген ашық аспан астындағы арнайы сабақтар өткізу жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

Кездесуге қатысушылар тақырыпқа қатысты орамды ойларымен бөлісіп, түрлі ұсыныстарын ортаға  салды.

Бердібек Сапарбаев барлық ұсыныстарды қолдап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Аймақ басшысы өткен жылы Жамбыл облысына 95 мыңға жуық турист келгенін тілге тиек етіп,  биыл бұл көрсеткіш 100 мыңға жуықтайтынына сенім білдірді. Бұл орайда мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігін екенін баса айтты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар