Жаңалықтар

Төрешілердің Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешімі - Кеңес Рақышев

Төрешілердің Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешімі - Кеңес Рақышев

Қазақстан бокс федерация президенті Кеңес Рақышев Асланбек Шымбергеновтың жеңілуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-дағы төрешілікке қатысты әрдайым шағым білдіріп келген еді, бірақ Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалында болған оқиға тым шектен шығып кетті. Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындары бойынша ХОК төрешісіне өз талаптарын ресми түрде білдіреді. Бұл ретте турнирдің ең мықты боксшылары біздің былғары қолғап шеберлерімен бірдей жеребеге түсуі, жалпы жеребенің өткізілу реті, төрешілердің жұмысына сұрақтар туындатты. Ал жергілікті боксшыларға «қызыл кілем» төселді...

Айта кетейік, төрешілер жартылай финалда Асланбек Шымбергеновке жеңісті бермей қойғанын жазған едік.