Түркістан мен Жамбыл облысының айтыскер ақындары, өнерпаздары өзара сайысты
- авторjambylinfo.kz
- 17 наурыз, 2024
- 1.0k
Түркістан мен Жамбыл облысы ақындарының арасында өткен жыр додасында әр командадан төрт айтыс ақыны, термеші, жыршы, дәстүрлі әнші және күйші қатысты.
Айтыста Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтың құттықтау хатын Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет , архивтер және құжаттама басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай көпшілік алдында оқып беріп, ыстық сәлемін жеткізді.
Ақындар айтыстың түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт түрлерінен сынға түсті.
Өнерпаз оқушылар жамбылдық Мансұр пен түркістандық Шахмардан Бекарысұлы өлең жырымен екі тарапты таныстырды. Ал Жамбыл облысы командасын айтыскер Ахметжан Өзбеков, ал Түркістан облысын Бекарыс Шойбеков бастап шықты.
Сүре айтысты жамбылдық Дархан Әбдіманат пен түркістандық Нұрмахан бастап берді. Жамбылдық Асхат Қылышбек пен түркістандық Аян Ниязбек арасындағы қайым айтыс, жамбылдық Қанат Мырзахан мен түркістандық Қажымұхан Абзалов арсындағы айтыстар сәтті болды. Түркістандық Дәурен Ақсақалов пен жамбылдық Алина Айдаралы жігіт пен қыз арасындағы айтыстың үлгісін көрсетті.
Сондай-ақ Жамбыл облысы командасынан термеші Маралбек Бабақұлов ,жыршы Бекарыс Көшеров, күйші Дидар Басықараев, әнші Мерей Әбуова өнер көрсетті.
Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы жыр-додасын қортындылай келе, Түркістан облысының ақындары мен өнерпаздары 100:96 ұпай айырмасымен басымдау болып, келесі айналымға өтті . Сайысқа қатысушылардың барлығына демеушілер атынан арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз