Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Нұралхан Көшеров 1984 жылы туған. Экономист, заңгер мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз