Жаңалықтар

Түркістан облысында 5 жастағы қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады

Түркістан облысында 5 жастағы қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады

Жоғарғы сот

Түркістан облысындағы 5 жасар қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. «Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.