жексенбі, 24 қараша, 2024 2:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты

Түркістан облысында 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты
ашық дереккөзі
Түркістан облысында 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты
Түркістан облысы Леңгір қаласының 99 жастағы тұрғыны Александра Петровна Капустина коронавирустан сауығып шықты. Ардагерді аурухана дәрігерлері ерекше қошаметпен шығарып салды. Ардагерге коронавирус диагнозы осыдан екі апта бұрын қойылған. Науқастың дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып, әлсіреген. Ол шұғыл түрде Леңгір қалалық ауруханасына жатқызылады. Ауруханаға науқас екі жақты полисегментарлы пневмониямен түскен. Дәрігерлердің жедел жүргізген емдік шараларының көмегімен екі аптада қария коронавирустан құлан-таза айықты. Денсаулығының мықтылығының арқасында оған өкпенің жасанды дем беру аппараты қажет болмаған. 1922 жылы дүниеге келген қарт әже - Екінші дүниежүзі соғысының ардагері. «Госпитальге өте ауыр халде түстім. Өзімді нашар сезініп, өте мүшкіл халде едім. Мені шұғыл түрде осында алып келіп, емдеді. Мұнда мен адамның адамға деген қамқорлығын сезіндім. Барлық дәрігерлерге алғыс айтамын»,-дейді 99 жастағы соғыс ардагері.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар