Жаңалықтар

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығынан шопан адасып кетті

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығынан шопан адасып кетті

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен шопан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Сауран ауданы Майдантал ауылдық округіне қарасты Иірсай жайлауында мал бағып жүрген шопан ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен. 44 жастағы азаматты іздестіру жұмыстарына Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, Майдантал ауылдық округі әкімдігі, полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. «Іздестіру құтқару жұмыстарының нәтижесінде 15 қараша күні 13 сағат 15 минутта жоғалған азамат жайлаудан 18 шақырым жерден табылды.Денсаулығы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді», -делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.