Жаңалықтар
Түркістан облысында кезекте тұрған ер адам дәрігерді пышақтап кетті
- авторjambylinfo.kz
- 12 қазан, 2023
- 490
Түркістан облысында кезекте тұрған ер адам дәрігерді пышақтап кетті
Түркістан облысында полицейлер дәрігерге шабуылдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерекке байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады, – делінген хабарламада.Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






