«Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі»: сот тергеу изоляторында өтіп жатыр
«Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі»: сот тергеу изоляторында өтіп жатыр
Сарығаштағы бес жасар бүлдіршінді зорлап, өлтірді деген күдіктінің соты басталды. Сот процесі басқа аймақта өтеді. «Менің жеке ұстанымым бойынша бір ғана үкім шығарылуы тиіс, сотталушыны қоғамнан өмір бойы оқшаулау керек», - деді адвокат Талғат Есімов. Іс бойынша үкім жақын арада шығарылады. Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қаскөй 5 жасар қызды зорлап өлтіргені хабарланған. Қыздың денесінде көптеген пышақ жарақаты болған.