Жаңалықтар

Түркістан облысында әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысында әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Сарыағаш ауданының тұрғыны екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған.

Полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дереккөз: sputnik_aitady телеграм парақшасынан