дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында жүргізуші 4 млн теңге айыппұлын төлемей жүре берген

Түркістан облысында жүргізуші 4 млн теңге айыппұлын төлемей жүре берген
ашық дереккөзі
Түркістан облысында жүргізуші 4 млн теңге айыппұлын төлемей жүре берген
Полицейлер Volkswagen Polo автокөлігін Темірлан кенті көшелерінің бірінен тоқтатқан
Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады Нақты айтқанда, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын салынған, 4 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді, - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтауды және жолда мұқият болуды ескертеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар