жұма, 4 қазан, 2024 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды

Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Түркістан облысының жаңа әкімі болып тағайындалды, бұл туралы облыстық мәслихаттың отырысында белгілі болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Түркістан облысы мәслихатының отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты. Халық қалаулылары Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді. Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы - Сенат депутаты болып Шымкент қаласынан сайланған. 1974 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.  "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Еске салар болсақ, 26 тамызда Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш берген. Ол бұл қызметке 2019 жылы келген. Кентаудың бұрынғы басшысы Дәурен Махажановқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енген соң, Шөкеев қызметінен кетуге өтініш жазған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар