Жаңалықтар

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен 850 мыңнан астам бала үйсіз қалды

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен 850 мыңнан астам бала үйсіз қалды

ЮНИСЕФ балалар қоры жер сілкінісінің салдары аймақтағы балалар мен отбасылар үшін апатты жағдайға айналғанын атап өтеді. Көптеген отбасылар уақытша баспаналарда тұрады. Түркияның өзінде ғана зардап шеккен аудандарда 1,9 млн-нан астам адам тиісті санитарлық жағдай, сумен қамтамасыз ету және медициналық көмекке қолжетімділігі жоқ әртүрлі баспаналарға орналастырылған. Елде 2,5 млн бала шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. «Зілзала салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысты. Жерасты дүмпулері жалғасып жатқандықтан, олар әбден қорқып қалған», – деді ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Хан. Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан Сирияда 500 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Көптеген үйлер қирап қалды. Сирияда жер сілкінісінен 3,7 млн-нан астам бала зардап шекті.