Жаңалықтар

Түркияда 4,9 баллдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Түркияның Малатьядағы Доганшехир ауданында орын алған.

Түркияның Доганшехир ауданында 4,9 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Jambylinfo

Арада біршама уақыт өткенде Ризе провинциясындағы Хемшин ауданында тағы жер сілкінген. Ол маңда 4,7 баллдық зілзала тіркелді.

Айта кетейік, зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.