дүйсенбі, 26 мамыр, 2025 3:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркияда "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Түркияда "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды
Фото: primeminister.kz (скриншот видео)
Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды.

ҰҚК-нің мәліметінше, 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген.

"Биылғы жылы ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады.

Осы жылдың 9 мамырында Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қарашада Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар