Түркияда инсульт алған ер адам өз ана тілін ұмытып қалды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 26 сәуір, 2025
- 214

Түркияда инсульт алған ер адам өз ана тілін ұмытып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqparat_kz ге сілтеме жасап
67 жасар ер адам Рахми Карадемир тізесіне ота жасатқан. Кейін оның оң қолы мен аяғы әлсіреп, сөйлеу қабілеті бұзылған. Жедел диагностикадан кейін миының сол жағындағы ірі артерияның тромбпен бітелгені анықталды.
Ер кісіге дәрігерлер жедел ангиография жасап, тромбты алып тастады. Процедурадан кейін негізгі неврологиялық белгілер тез жойыла бастады.
Науқасқа ота жасаған профессор Гекхан Оздемир бұл сирек кездесетін құбылыс екенін айтты.
«Медициналық әдебиетте бірнеше тіл білетін адамдарда инсульттан кейін бір тіл жоғалып, екіншісі күтпеген жерден белсенді болатын сирек жағдайлар сипатталған. Инсульттан кейін кем дегенде бір тілде сөйлеу қабілеті қалса, бұл кейінгі оңалту үшін маңызды артықшылық», — деді Оздемир.