Түркияда іздеуде жүрген шетелдік азамат Алматыда ұсталды

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Түркияның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.