Жаңалықтар

Түркияда маймыл шешегін жұқтұрған алғашқы адам тіркелді

Түркияда маймыл шешегін жұқтұрған алғашқы адам тіркелді

Түркияда маймыл шешегі инфекциясын жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Маймыл шешегін жұқтырған азамат 37 жаста. Тексеру кезінде оның ағзасында иммун тапшылығы бары анықталған. Қазір ол оқшауда. Азаматпен байланыста болған кісілер түгел медициналық тексерістен өткен. Өз кезегінде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы маймыл шешегі кімге қауіпті екенін анықтаған. Мамандардың айтуынша, инфекцияны жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз адамдар мен балалардың жұқтыру қаупі жоғары. Бүгінге дейін індет әлемнің 50 елінде анықталған. 4 мыңға жуық азамат науқас деп танылған.