жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге қаржылық және гуманитарлық көмек жинау АЛГОРИТМІ

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге қаржылық және гуманитарлық көмек жинау  АЛГОРИТМІ
ашық дереккөзі
Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге қаржылық және гуманитарлық көмек жинау АЛГОРИТМІ
Шашыраңқы қаражат жинауға, сондай-ақ алаяқтыққа жол бермеу мақсатында Ұлттық волонтерлік желісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен гуманитарлық көмек жинаудың бірыңғай орталығын ұйымдастырып, бірыңғай шот ашты. Гуманитарлық жүк логистикасының күрделілігін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарға Ұлттық волонтерлер желісінің шотына тек қаржы жинаумен шектелу ұсынылады. Жиналған барлық қаражат Қазақстандағы Түркия елшілігінің есеп шотына аударылады. Қазақстандағы Түркия елшілігінің ақпараты бойынша тауарлық-материалдық құндылықтар түріндегі гуманитарлық көмекке қатысты бүгінгі күні қажеттілік жоқ. Сонымен қатар, егер зардап шеккендерге түрлі заттар әкелгісі келетіндер болса, онда жинау пунктерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған тізбе бойынша қатаң түрде заттарды қабылдау керек. 📌Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар. 📌Термос, қол шамы, пауэрбанк. 📌Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер). 📌ҚЫСҚЫ КИІМ (ересектер мен балалар үшін, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар. Баспасөз релизінде көрсетілген банктік деректемелерді барлық мүдделі ұйымдарға, соның ішінде этномәдени бірлестіктерге және мұсылмандардың діни басқармасына бірыңғай қаражат жинау үшін жеткізу керек.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар