Жаңалықтар

Түркиядағы жол апаты: марқұм болған атыраулық журналистің күйеуі де көз жұмды

Түркиядағы жол апаты: марқұм болған атыраулық журналистің күйеуі де көз жұмды

Нұрболат Құрмашов Түркияда жол апаты салдарынан жансақтау бөліміне түскен еді. Кеше ол есінен жимастан қайтыс болды. Еске сала кетейік, Аланияда атыраулық отбасымен бірге 15 адам мінген сафари-джип жеңіл көлікпен соқтығысқан еді. Салдарынан Қазақстаннан демалуға барған журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Олардың 9 жасар ұлы аман қалды. Бүгін марқұмдардың сүйегі елге жеткізіледі.