Түркияда жер сілкінісінен 16 күн өткен соң 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы құтқарылды
Түркияда жер сілкінісінен 16 күн өткен соң 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы құтқарылды
Малатия қаласында табиғи апаттан 384 сағат өткен соң жергілікті құтқарушылар 14 қабатты үйдің 11-қабатында тұратын 70 жастағы Ханифи Акгюн мен оның 90 жастағы анасы Гүллу Акгюнді тірідей тапты. Олар денсаулығына байланысты пәтерден шыға алмаған. Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен 300 мыңнан астам ғимарат қираған. Құрбандар саны 42 мыңнан асты.