Жаңалықтар

Түркиядан арнайы бортпен 16 қазақстандық елге жеткізіледі

Түркиядан арнайы бортпен 16 қазақстандық елге жеткізіледі

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Бүгін қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер арнайы бортпен Газиантеп қаласына барды. Осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген 18 адам Астанаға ұшып келеді: 16 қазақстандық және 2 қырғызстандық. Оның айтуынша, бұл эвакуация емес. Өйткені күнделікті рейстер бар. Мәселен, 19 қазақстандық студент құрметті консулдың ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілген. Олар бүгін кешке Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға қайтады.